«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/f1f78f4e2e9b6f9a0f943d6b6089ca8a_1280x720_30e278c35f.jpg)
Астанада Халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Вера Ким, Константин Авершин, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, БҰҰ-ның Еуропа және ТМД елдері бойынша еріктілер бағдарламасының өңірлік менеджері Римма Сабаева қатысты.
Халықаралық волонтерлер күні аясында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде үндеу жасады.
Қазақстанда волонтерлік қозғалыс белсенді дамып келеді және қоғам өмірінде үлкен рөл атқарады. Волонтерлер қозғалысын белсенді қолдайтын Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жыл «Волонтер жылы» аталып өтті. Соңғы 3 жылда қабылданған шаралар волонтерлік ұйымдардың 3 есе, белсенді волонтерлердің 5 есе оң өсу серпініне ықпал етті. Елімізде 700-ге жуық волонтерлік ұйым, 1000-нан астам бастамашыл топтар және 1000-нан астам «Күміс волонтер» бар. Осы кезеңде 300 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Волонтерлік қоғамдастық өкілдерінің, бизнес-құрылым өкілдерінің, жастардың қатысуымен волонтерлік қызмет тақырыбы қазақстандықтардың күнделікті өміріне және жаңалықтардың күн тәртібіне енгізілді. Бұған БАҚ-та жарияланған 200 мыңнан астам түрлі материалдар дәлел бола алады, - деп атап өтті өз үндеуінде министр.
Әлеуметтік маңызы бар 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Үздік волонтерлік ұйым» номинациясы бойынша «Волонтеры Астаны LIDER.KZ» ҚБ жеңімпаз атанды. 7 жыл ішінде ұйымның волонтерлері құлдықтан 120 адамды қайтарып алып, 2000 адамды іздестірді.
«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша «Зерек» қоғамдық қоры (Түркістан облысы) үздік деп танылды. Сондай-ақ, аталған қор «ТЖ волонтерлігі: Жақсылық жаса» жобасын жүзеге іске асырды.
«Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін» номинациясын Өзбекстаннан келген Жасүрбек Камилов жеңіп алды. Ол «Жақсылық жаса» қайырымдылық тобын ашып, онда халыққа, жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған отбасыларға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға көмектесу үшін студенттерді жинады.
«Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 200-ден астам ауқымды іс-шаралар ұйымдастырған «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды.
Естеріңізге сала кетейік, «Жыл волонтері» сыйлығы волонтерлер қозғалысын дамытуға және қолдауға елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлерді көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған.
Соңғы үш жылда еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген 185 волонтер сыйлықтармен марапатталды.
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)