00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Жасөспірім ата-анасы намаз оқуға мәжбүрлегені үшін үйінен қашып кеткен

07.06.2023 | 21:30
94
фото: islam.kz

Атырау облыс дін істер басқармасының басшысы Қайролла Қошқалиев ата-анасы намаз оқуға мәжбүрлегені үшін 14 жастағы қыздың үйінен қашқанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Atyrau press басылымына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен облыстық комиссия отырысында Қайролла Қошқалиев теологтардың жағдайды сараптап, отбасымен түсіндірме жұмысы жүргізілгенін айтады. 

Осыған ұқсас жағдай ханафи мазғабын ұстанатын отбасыда болған екен. Мұнда да жасөспірім қыз үйінен қашып кеткен, ал табылған соң өзін намаз оқуға мәжбүрлегенін айтыпты. Кейін белгілі болғандай қыз ұрлықпен айналысып, өзін ақтау үшін барлығын ойдан шығарған. 

Мамандар желіде жалған ақпарат тарамас үшін барлығын жіті тексеру керегін мәлімдеді. 

"Меніңше, қаладағы барлық спорт залдарын «Сергек» бейнебақылау жүйесіне қосып, түсіндірме жұмыстарымен ғана шектеліп қалмау керек", – деді Қошқалиев. 

Мәдениет және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуовтің сөзінше, рейд барысында топ болып намаз оқу деректері тіркелмеген. 

Все новости