00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Жалақысын ала алмай жүрген 15 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

08.08.2023 | 08:30
93

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады Elorda.info.

1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары елдегі 597 кәсіпорынның 18,2 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 657 нұсқама беріліп, 87,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді, - делінген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Все новости