«Жұма күні жолаушыларға жеңілдік жасайды»: 76 жастағы «таксист апа» туралы не білеміз
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/tti_ae6de13987.jpg)
Абай облысы Аягөз ауданында жергілікті халық «Такси апа» атап кеткен Оразхан Манабаева есімді тұрғын тұрады. Жасы 76-ға келсе де, әлі күнге дейін көлік тізгіндеп жүрген әжей 40 жылдан бері бірде бір рет жол ережесін бұзбаған, деп хабарлады Elorda.info Turkistan газетіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, бүгінде жапондық Toyota 35 көлігін жүргізетін Оразхан Манабаева – әзірге өңірдегі жалғыз әйел таксиші. Жастайынан техникаға әуес болып өскен ол Аягөздегі автомектепте оқып, практикалық, теориялық емтихандарды үздік тапсырған. Сөйтіп, алдымен «Запорожец» көлігін жүргізген.
Әжей қазір де сүйікті ісінен қол үзбеген. Таңғы сағат жетіден жұмысқа кірісетін Оразхан апа кешкі сағат 5-ке дейін аудандық ауруханаға келушілер мен ауруханадан шыққан адамдарды діттеген жеріне жеткізіп салып жүр.
Үкіметтен алатын азын-аулақ зейнетақыны қанағат тұтамыз. Бірақ жасым келді деп үйде отырып қалуға болмайды. Осы уақытқа дейін «Запорожец», «Жигулиден» бастап, «Ауди 80», «Ауди-80 Б4», «Фольксваген Пассат», «Тойота Камри» сияқты көліктерді тізгіндедім. Қазір Toyota 35-ті айдап жүрмін. Өзіме ұнайды. Бұл – сегізінші көлігім», – дейді Оразхан Манабаева.
Әжейдің айтуынша, 56 жыл отасқан отағасы көлік жүргізуіне қарсы емес.
Оразхан Манабаева аптасына бес күн жұмыс істеп, қалған екі күнде демалады. Ал жұма күні міндетті түрде мешітке барады. Әжей такси жүргізушісі болып қана қоймай, 33 жылдан бері құлшылық үйінің шаруаларына да көмектесіп келе жатқанын айтады.
Денсаулығыма, уақытты дұрыс өткізуге мән беремін. Өтініш жасаған соң қасиетті айда оразамды ұстап, құлшылық үйінде қызмет етіп жүрмін. Келушілермен жұмыс істеймін. 2015 жылы қажылыққа барып келдім, – дейді Оразхан Манабаева.
Бір қызығы, Оразхан әжей тек Аягөзде емес, көлігімен еліміздің түрлі қалаларына барып жүрсе де, бірде-бір рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлеп көрмеген екен.
Тәжірибелі таксиші көлік жүргізушілерге, ең алдымен, сабырлы болуы керектігін жеткізді. Сондай-ақ Оразхан әжей қасиетті жұма күні жолаушыларға жеңілдік жасауды әдетке айналдырған. Қиналып тұрған көпбалалы аналарды көрсе, барар жеріне тегін жеткізіп салатынын атап өтті. Ал немерелерін балабақша мен мектепке өзі тасиды.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)