«URKER-2023» ұлттық бәйгесінің номинанттары анықталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/1200xauto_4_Nu_H_Ee_C0yu0e_Fo_Kxv0_N_Zt_I1d_Td_Wvyg5_GQIA_Yu44_D_png_8854f29ffe.jpg)
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл байқау 12 номинация бойынша өткізілуде, оның ішінде медиа саласын дамытуға үлес қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды.
Атап айтсақ, «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube каналы». Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім, солардың ішінде ең көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік өңірлік БАҚ», «Жылдың үздік аналитикалық материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша түскен. Үздік жұмыстарды құрамында беделді журналистер, медиа менеджерлер бар қазылар алқасы анықтады.
Марапаттау рәсімі қарсаңында Ұлттық бәйге номинанттарының тізімі анықталды.
Шорт-листке 48 номинант енді:
Жылдың үздік сұхбаты:
Лэйла Тастанова - Time.kz
Эльмира Асқарқызы - Nur.kz
Айхан Шәріп - «Айқын» газеті
Мейрамтай Иманғали - «Дидар» газеті (Шығыс Қазақстан облысы)
Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz
Санат Урналиев - Informburo.kz
Арайлым Мұрат - inform.kz
Дина Әділ - Qaz365.kz Жаңа Қазақстан порталы
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:
Индира Сатбаева - «Вечерний Алматы» газеті (Алматы қаласы)
Айбек Тасқалиев - «Ақтөбе» газеті (Ақтөбе облысы)
Амангүл Тілейқызы - El.kz
Қажет Андас - «Жетісу» газеті (Жетісу облысы)
Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Талғат Батырхан - «Егемен Қазақстан» газеті
Карина Негметова - Kokshetau.info (Ақмола облысы)
Анна Величко - Golos-naroda.kz
Евгения Максимова - Zhaikpress.kz (Батыс Қазақстан облысы)
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Ерік Рахым - Nege.kz
Сұлугүл Бакесова - Forbes Kazakhstan
Меруерт Сарсенова - Kapital.kz
Жанель Жазетова - Informburo.kz
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Nege.kz
Stan.kz
Nur. Kz
Golos-naroda.kz
Радиостанциядағы үздік жоба:
«Жаңа ФМ» радиосы - «Зеленая волна» бағдарламасы (Қарағанды қ.)
«Astana FM» радиоарнасы - Ақпараттық-әлеуметтік бағдарламасы
«Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы
«Той Думан» радиосы - «Беташар шоу»
Жылдың үздік фотосуреті:
Досжан Балабекұлы
Владимир Третьяков
Валерий Бугаев
Самат Құсайынов
Үздік өңірлік БАҚ:
«Jetisy» газеті (Жетісу облысы)
«Алатау арайы» газеті (Қонаев қаласы)
«Панорама Шымкента» газеті (Шымкент қаласы)
«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)
Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
«Қазақ елі» журналы (Түркия)
Баян-Өлгий аймағының бұқаралық радиосы (Моңғолия)
«Шүйдің нұры» газеті (Ресей)
«Нұрлы жол» газеті (Өзбекстан)
Үздік подкаст:
«Zere» - Мәншүк Асаутай
«Dope Soz» - Жомарт Аралбайұлы, Арсен Түсіпбек
«OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан
«Momski әңгіме» - Жетен Даурен
Үздік YouTobe каналы:
Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»
Ренат Ташкинбаев - Студия «Другие места»
Байдалы Жазира - «Sayahat Time»
Болат Бұхарбай - «Jaqsy Bolady»
«URKER-2023» Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 22 қыркүйек күні белгілі болады.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді.
Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.
Айта кетейік, баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық «URKER» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)