Су тасқыны: Волонтерлер 10 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады
![](/img/watch-gray.png)
![Су тасқыны: Волонтерлер 10 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады](/img/articles/3697d5cc0205f093e472574b802084ce.jpg)
Мәдениет және ақпарат министрлігі су тасқынына қарсы іс-шаралар және оның зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб аясында зардап шеккендерге көмек көрсету жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері министрлік «Күшіміз бірлікте» акциясын бастады. Акцияға Ұлттық волонтерлер желісі, волонтерлік және жастар ұйымдары, діни, этномәдени және қайырымдылық ұйымдары өкілдері қолдау көрсетті.
Барлық өңірде жедел волонтерлік штабтар құрылып, олардың жұмысына 50 мыңнан астам волонтер тартылды.
Зардап шеккендерге көмек көрсетуді және еріктілерді жер-жерге бөліп, үйлестіру үшін бірыңғай байланыс орталығы (+7 708 706 4242) жұмыс істейді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері облыстардан 1000-нан астам қоңырау түскен.
Алғашқы күндерден бастап, волонтерлер бірлесіп әзірленген өзара әрекет ету алгоритміне сәйкес, өңірлік төтенше жағдайлар департаменттеріне көмек көрсетіп жатыр.
Волонтерлер ТЖД-мен бірлесіп, су басқан аумақтардан азаматтарды эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізуде, азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды жеткізуге атсалысып, зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп жатыр, - делінген министрлік ақпаратында.
Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісі сарапшылармен бірлесіп, мұқтаж азаматтарға психологиялық және заңгерлік көмек ұйымдастырды.
Гуманитарлық көмек жинау пункттері 16 өңірде жұмыс істейді: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Жетісу облыстары. Волонтерлер 10 520 тонна гуманитарлық көмек жинады. 8 905 тонна зардап шеккен аймақтарға жеткізілді. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жақын арада жіберіледі.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)