Роман Скляр СҚО-дағы Заречный кентінің тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды
![Роман Скляр СҚО-дағы Заречный кентінің тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды](/img/articles/7b418d8ba6ecbd40da03c051e47be199.jpg)
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Заречный кенті Ущев көшесі мен Прибрежное ауылы бойындағы бөгеттерді аралады. Ойқаладағы су тасқынына қарсы қорғаныс бекіністерінің дайындығын тексерді, эвакуациялау пунктінің дайындығын зерделеп, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің баяндамасын тыңдады. Оның қорытындысы бойынша Заречный кентінде тұратын 239 тұрғынды эвакуациялауды бастауды тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.
Қала әкімі үлкен судың кентке үш күнде жететінін хабарлады. Ол нығайтылған бөгет судың бірінші ағынын ғана ұстайтынын атап өтті. Алайда, болжам бойынша, саяжай аумағына жан-жақтан су тасқыны келеді және 200 үйдің 132-іне қауіп төніп тұр. Бірінші вице-премьер тез арада азаматтарды эвакуациялауды бастауды тапсырды.
Адамдарға 2017 жылмен салыстырғанда, биылғы су тасқынының ауқымды екенін түсіндіру керек, өйткені ауыл ойда орналасқан және инженерлік құрылыстар судың көтерілуіне шыдамауы мүмкін, тұрғындарды эвакуациялау үшін екі күн бар, — деді ол.
Сондай-ақ Роман Скляр эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындармен түсіндірме әңгіме жүргізіп, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін саяжай аймағынан отбасыларды көшіруді бақылауға алуды тапсырды.
Азаматтарға алдағы су тасқынының ауырлығын түсіндіріңіздер. Сергеев су қоймасынан көп су келеді, сондықтан аумақты қатты су басады. Бөгетті нығайту жеделдетілген түрде аяқталды, бірақ ол тек су аз кезеңдерінде қорғай алады. Сондықтан мұнда тұратындарды дереу эвакуациялау керек. Ешкім зардап шекпеуі қажет, — деп түйіндеді Скляр.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Сергеев су қоймасының бүкіл тарихындағы су тасқынының абсолютті максималды кезеңіне жеткенін атап өтті. Ол барлық есептеу жүргізілгенін, 12-14 сәуір аралығында Петропавл қаласына үлкен су келетінін түсіндірді.Роман Скляр «Қызылжар Су» ЖШС сорғы станциясының стратегиялық учаскесіндегі бөгетті нығайту үшін су тасу қаупін барынша азайтуды, арнайы техниканы жұмылдыруды, инертті материалдармен және жұмыс күшімен қамтамасыз етуді тапсырды.
Сорғы станциясына келетін болсақ, бұл – стратегиялық маңызды нысан. Біз қысқа мерзімде қосымша бөгетті тұрғыздық. Оның жұмысы қамтамасыз етіледі. Қосымша дизель генераторы орнатылды. Қала кез келген жағдайда үзіліссіз сумен қамтамасыз етілуі керек. Жоспарлаған жұмыстардың барлығы жалғасын табады. Одан әрі өзеннен төмен қарай, Қызылжар өңірінде жаңа бөгеттерді салуды бастаймыз. Міндет – елді мекендерді қорғау. Біз қазіргі жағдайға сәйкес, бұрыннан белгіленген жоспарлар бойынша жұмыс істейтін боламыз, — деп түйіндеді Скляр.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығын тексеріп, «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының директоры А. Қабылдинге айналма жол бойында азаматтық көліктің қауіпсіз қозғалысы үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)