00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Құрбан айт: Бірінші күні қанша мал сойылды?

29.06.2023 | 19:00
112
фото: "Зекет" қорының баспасөз қызметі

ҚМДБ құрбан айттың бірінші күні бойы 14 626 мал құрбандыққа шалынғанын жария етті. Олардың 1700-іне qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс берілген, деп хабарлады Elorda.info.

Діни басқарманың ресми мәліметінше, құрбандыққа 14 448 қой, 1498 ешкі, 2 266 ірі қара, 15 түйе шалынған. Республика бойынша 60 862 отбасы мен 738 мекемеге құрбандық еті таратылды.

ҚМДБ онлайн форматта құрбан шалуға qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни 30 маусым сағат 13:00-ге дейін жалғасатынын еске салды.

Все новости