Оразаның біз білмейтін қандай пайдасы бар
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/ororaaa_96a00ac909.jpg)
Ораза – исламның негізгі парыздарының бірі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниеттеніп, ішіп-жеуден тыйылады. Қасиетті айда мұсылман баласына парыз саналатын оразаның 9 пайдасы бар, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Aikyn.kz сайты жазды.
1. Ораза лимфоциттердің жұмысын жетілдіреді, адам ағзасының қорғаныш жүйесін нығайтады, иммунитеттерге қатысты жасушалардың құрамын жаңартып, жақсартады.
2. Адам денесін май басудан, семіруден сақтайды, оның зардаптарын залалсыздандырады. Бұған дұға, Құран, намаз оқып қана қол жеткізуге болады.
3. Оразада су ішуден тартыну ағзаның қуатын нығайтады, оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады, зердені жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.
4. Әйелдердің бала көтеру қабілетін арттырады, ер адамдардың бел күші бұрынғыдан да күшейеді.
5. Жамандықтан сақтайды. Ораза адам бойын тазартып жаман қылықтардан сақтайды. Адам баласының бойында адамгершілік сезімдеріін оятып, тура жолдан адаспауға, иманын күшейтуге көмектеседі.
6. Ораза ырыс-берекенің қадірін білдіреді. Негізі адам баласы өзіне берілген Нығмет пен ырыс-берекенің қадірін біле бермейді. Әр түрлі тәтті тағамдарды күнделікті өмірде бейпіл жей берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады. Ысырап қылып, көп нәрсеге қызығып ала береді. Ал күні бойы аш қалып, кешқұрым ауыз ашқанда, аузына салған қатқан нанның да қаншалықты қадірлі екенін сезеді.
7. Сабырлылық пен төзімділікке үйретеді. Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп, әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Аштық пен құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете алады.
8. Ораза пенденің ағзасын артық және улы нәрселерден тазартып, жаңартып, асқазанына демалыс береді. Әбу Хұрайра (оған Алла разы болсын) ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаңдар – сау боласыңдар» деген хадисін жеткізген. Араб дәрігері Харис ибн Кәлда: «Асқазан – дерт үйі, ал ораза – бүкіл емнің атасы» деген екен. Демек, ораза – тәннің шипасы.
9. Қолда бар нәрсенің қадірін сезінуді үйретеді. Кейде алдымызға келген астың, астымыздағы көлігіміздің, басымыздағы баспананың, үстіміздегі киімнің, тіпті денсаулығымыздың қадірін білмей жатамыз. Бұл нығметтерге қалыпты нәрсе ретінде қараймыз. Шын мәнінде, бұл нығметтерді беруші Алла екенін ұмытып қаламыз. Ал ораза тіпті бір жұтым судың, бір үзім нанның қадірін сездіреді.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)