00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

«Күйеуімізден таяқ жегенімізді еске түсірді»: Жазира Байырбекова Бишімбаевтың сотына қатысты ойын айтты

17.04.2024 | 15:56
137
Әнші Жазира Байырбекова Бишімбаевтың сотына қатысты ойын айтты
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Жазира Байырбекова бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Жазира Байырбекова бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатқан сот отырысы жайлы ойын Instagram парақшасында жеткізген. Өнер иесі сот процесінің тым ұзаққа созылып кеткеніне шүйлікті.

Су тасқыны туралы ақпараттан қалыспай, талайымыздың күйеуімізден таяқ жеген кездерімізді есімізге түсірді. Атышулы іс көңілімізді түсіріп, халықтың энергиясын алып, ұйқысын бұзып, денсаулығына әсер ететіні анық. Айдан да анықталған істі сонша созу не үшін керек болып жатыр екен, - деп жазды Ж.Байырбекова.

Все новости