00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

«Наурыз» бағдарламасы бойынша қанша өтініш қабылданғаны белгілі болды

14.06.2024 | 21:05
Торғын Аман
149
«Наурыз» бағдарламасы бойынша қанша өтініш қабылданғаны белгілі болды
Фото: www.gov.kz

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендер арасында 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар көш бастап тұр. Қабылданған өтінімдердің 62% жастарға тиесілі, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін ең көп таңдалған бес қала мен өңір қатарына Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары кірді.

«Наурыз» бағдарламасына қатысу үшін жолданған өтінімдердің 1 847 көпбалалы отбасылардан, 126 жетім балалардан және халықтың әлеуметтік осал топтарының 3 782 өкілдерінен қабылданды. Ал 3 889 өтінім қабылданбай, кері қайтарылды. Негізгі себеп – клиенттердің депозиттерінде 1 млн теңге мөлшеріндегі қажетті сома болмаған. Бұл «Наурыз» бағдарламасына қатысудың негізгі шарттарының бірі. Сондай-ақ, тұрғын үйі бар адамдардың да өтінімдері қабылданбады», - делінген «Отбасы» банкі таратқан хабарламада.

Все новости