00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Министр Светлана Жақыпова азаматтарды қабылдады

04.04.2024 | 09:12
Елорда ақпарат
107
Министр Светлана Жақыпова азаматтарды қабылдады
Фото: дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 7 адамның мәселелерін қарады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандықтар өндірістегі жазатайым оқиғаларға, жалақыны есептеуге, жұмыс іздеуге, санаторийлік-курорттық емделуге, зейнетке шығуға және қоғамдық бірлестіктердің жұмысына байланысты мәселелер бойынша жауап алу үшін министрге жүгінді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

Все новости