00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Мүгедек жандар үшін оңалтуға арналған техникалық құралдар жедел жеткізіледі

09.04.2024 | 11:39
Елорда ақпарат
172
Мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары жедел жеткізіледі
Фото: ашық дереккөз

15 сәуірден бастап Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) жедел жеткізуді іске асыру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлады Elorda.info.

Мүгедектігі бар адамдарды ОТҚ-мен қамтамасыз ету оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Әлеуметтік қызметтер порталындағы бұл қызмет ОТҚ алудың екі әдісін қарастырады: алып кету және жеткізу. Бүгінгі күні жеткізу қабылдау пункті арқылы жүзеге асырылады, ал өңдеуден кейін курьерге беріледі. Орташа алғанда, бұл процесс 8 күн уақытты алады, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ОТҚ-ның барлық түрін 1 күн ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жоспарлануда. Экспресс-жеткізу операторы «Яндекс Деливери Кейзет» ЖШС курьерлік қызметі болады.

Пилоттық жоба ОТҚ экспресс-жеткізудің тиімділігін бағалауға және оң нәтиже болған жағдайда оны Қазақстанның бүкіл аумағына масштабтау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Все новости