00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Мүгедектігі бар адамдар порталы арқылы 180 мыңнан астам қызмет алды

05.04.2024 | 13:32
Елорда ақпарат
138
Мүгедектігі бар адамдар порталы арқылы 180 мыңнан астам қызмет алды
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 140,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,4 мың – ымдау тілі қызметін, 24,8 мың – жеке көмекшінің, 7,8 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні порталда 893 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық, 692 ОТҚ жеткізуші, 29 мыңға жуық жеке көмекші, 739 ымдау тілі және 120 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген, - делінген хабарламада.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған портал жөніндегі комиссияларға жаңа өкілеттіктер берілген: мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау; өнім берушіге хат жолдау және оның орындалуын бақылау; өнім берушіні порталдан шығару және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау.

Порталды пайдалану бойынша 1414 бірыңғай нөміріне хабарласуға болады.

Все новости