Ұлттық банк телефон алаяқтарының жаңа схемасы туралы ескертті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Rl_B_To_Owz_962859b81b.jpeg)
Қазақстан Ұлттық банкі жасанды интеллектті пайдалана отырып жасалатын телефон алаяқтығының жиілеп кеткені туралы ескертеді, деп хабарлады Elorda.info.
Алаяқтар кез келген адамның жақын туыстары мен таныстары туралы ашық дереккөздерден алдын ала ақпарат жинайды. Бұл дереккөздер – әлеуметтік желілер, қорғалмаған дерекқорлар мен интернетте орналастырылған дербес мәліметтер. Бұдан әрі олар дауыстық деректердің жазбасын жасау үшін белгісіз немесе анонимді телефон нөмірлерінен қоңырау шалады.
Қаскөйлер алынған дауыстық жазбалар мен жасанды интеллект көмегімен өңделген бағдарламаларды пайдалана отырып, дербес деректерді немесе ақшалай қаражатты алу мақсатында өздерін алаяқтық құрбаны болатын адамның туыстары немесе жақындары ретінде таныстырады.
Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарды белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған кезде қырағылық танытуға, өздерінің дербес деректерін ашпауға, мобильді қосымшаларды орнатпауға, мобильді телефонға қашықтан кіру рұқсатын бермеуге және телефон арқылы сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шоттарына ақшалай қаражатты аудармауға шақырады.
Егер Сіз немесе Сіздің таныстарыңыз алаяқтық схемаларына тап болса, алаяқтық фактісі бойынша іс жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуді ұсынамыз.
Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Қазақстан Ұлттық банкінің байланыс орталығына хабарласуға болады, - делінген хабарламада.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)