00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Әлихан Смайылов мұсылман қауымын Ораза айт мейрамымен құттықтады

21.04.2023 | 09:30
130
Фото: ашық дереккөз

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді мұсылман баласының ұлық мейрамы – Ораза айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза айт мейрамында халқымыз бір-біріне игі тілектерін арнап, мейірім мен қайырымдылықтың шынайы үлгісін көрсетеді. Шарапатты айда сауабы мол, ізгілікті істерге атсалысқан адамдар көптің құрметіне бөленеді.

Қасиетті Рамазанда отыз күн ауыз бекітіп, ораза ұстаған жұртшылықтың ниеттері қабыл болып, егемен еліміздің береке-бірлігі арта берсін.

Қастерлі мейрамға орай Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. 

Айт қабыл болсын! - делінген құттықтауда.

Все новости