«Күшіміз бірлікте» акциясы аясында 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді
![](/img/watch-gray.png)
![«Күшіміз бірлікте» акциясы аясында 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді](/img/articles/e60f077245eaada9e8a5d7ed5bec61cc.jpeg)
Су тасқыны салдарымен күресу және зардап шеккендерге көмек көрсету аясында елімізде «Күшіміз бірлікте» акциясы жарияланды. Акцияны аймақтардағы жастар ресурстық орталықтары, волонтерлер, саяси партиялардың жастар қанаты және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері қолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Атап айтсақ, жастар ресурстық орталықтарының қолдауымен гуманитарлық көмек қабылдау бойынша жұмыстарды 20 волонтерлер фронт-кеңсесі атқарды. Жастар ресурстық орталықтары жанынан жұмыс істейтін көмек жинау пункттерінде зардап шеккендер үшін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 4 048 тонна көмек жиналды.
Облыстық жастар ресурстық орталықтарының басшылары су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шараларға, оның ішінде қажетті гуманитарлық көмекті жеткізуді үйлестіру жұмыстарына белсенді қатысуда.
Сонымен қатар, республикалық жастар ұйымдары акция шеңберінде 2,3 мыңнан астам іс-шара өткізді. Іс-шараға 32,5 мыңға жуық белсенді жас қатысып, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көмек көрсетіп, гуманитарлық көмекті қабылдау және іріктеу жұмыстарына атсалысты.
Түркістан, Алматы, Павлодар, Жетісу облыстарының, Астана қаласының жастар ресурстық орталықтары Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барды.
Қазіргі уақытта «Biz Birgemiz» қорының қолдауымен су тасқынына қарсы іс-шараларға, сондай-ақ тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарына волонтерлермен бірге «Қазақстан студенттер альянсы», «Жастар рухы» ЖҚ, «Қазақстан жастар конгресі», «Ауыл» партиясының «Ауыл жастары» жастар қанаты, Түркістан облысының жастар ресурстық орталығы қатысуда. «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері Ақмола облысында тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырды.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)