ІІМ: Есірткі таратқан 20 бала қылмыстық жауапкершілікке тартылды
![Қазақстанда есірткі таратқан 20 бала қылмыстық жауапкершілікке тартылды](/img/articles/088bb9a89650f6efc5d5ac84154fa8fd.jpg)
Ішкі істер министрлігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдіктерінің өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген форматта өтті.
Мемлекет басшысы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше назар аударып отыр. Қазіргі таңда есірткінің синтетикалық түрлері үлкен проблемаға айналған. Соңғы жылдары «синтетиканы» тәркілеу көрсеткіші жоғары. Сонымен қатар жастардың есірткі қылмысына тартылуы жиілеген.
«Нашақорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар тиімді қатысуы тиіс. Мұндағы негізгі бағыт – нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту. Сіздердің миссияларыңыз маңызды. Балалар – біздің болашағымыз. Ал есірткі ұлт болашағына қауіп төндіріп отыр», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Қазір жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу ерекше назарда. Өкінішке орай, жыл басынан бері есірткі таратуға қатысқан 20 бала қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Кеңесте Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды. Сондай-ақ маусым айында есірткіге қарсы айлықты өткізу ұсынылды.
«Есірткіге қарсы айлықты бастауды және оны тұрақты негізде жүргізуді ұсынамын. Біз «жазаның бұлтартпастығы» принципі туралы айтып отырмыз. Қоғамда есірткінің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік болуы керек», – деді министр.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)