Кәрім Мәсімов Қазақстаннан қашпақшы болған
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/kczcz_4a2760df72.jpg)
18 жылға сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов Қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттік төңкеріс сәтсіз өтсе, Қазақстаннан ұшып кетуге ұшақ дайындап қойған, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің telegram-арнасында дереккөздерге сілтеме жасап жазды.
Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Кәрім Мәсімовтің тұрғылықты жерін тінту кезінде жол сөмкесі табылып, оның ішінде Кәрім Мәсімовтің дипломатиялық төлқұжаттары мен эвакуациялық жағдайға дайындалған 350 мың доллар және 50 мың еуро ақшасы болған.
2021 жылдың қазан айының басында және желтоқсан айының соңында К.Мәсімов пен А.Садықұлов билікті күшпен басып алудың қылмыстық жоспары жүзеге аспай қалған жағдайда К.Мәсімовті елден эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырған.
ҰҚК «Арыстан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын қолдану жағдайлары пысықталды.
К.Мәсімовтің 2022 жылғы 5 қаңтарда СУ-95 NRK95100 қызметтік ұшағымен күндізгі уақытта билікті күшпен басып алу әрекеті сәтсіз аяқталса, шетелге ұшуға арналған жасырын оқу-жаттығулар жүргізді, – делінген хабарламада.
Мәсімовтың тағы бір орынбасары Ерғожин билікті басып алу жолында зерттеулер өткізген.
Сонымен қатар К.Мәсімовтің бұйрығымен Д.Ерғожиннің қатысуымен билікті басып алу мақсатында қоғамдық-саяси зерттеулер жүргізілгені белгілі болды. Олар қатаң құпия түрде жүргізілді, Қаңтар оқиғасы кезінде зерттеудің басым бөлігі жойылды, ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен компьютерлер «тазаланды». Осы NAC Analytica қызметі үшін төлем К.Мәсімовтің осы мақсаттарға арнайы бөлінген жеке қаражатынан жүзеге асырылды, – делінген жазбада.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)