«Халық кеңесі»: Солтүстік Қазақстан облысындағы сепаратистер қамауға алынды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/gngl_bf29451c2e.jpg)
СҚО-дағы «Халық Кеңесі» тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Elorda.info облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 наурызда облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлтық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, процестік прокурорлар тағайындалды.
Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды.
Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын» қабылдаған, онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр.
Соталды тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу шарасы жүргізілді, оның ішінде әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды.
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.
Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» үш мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған.
Бұл тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталды және Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда және жиналысқа қатысқан басқа тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады. Облыс прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)