Елімізде жаңа жол технологияларының бірыңғай базасы құрылады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/zhol_5da6847a7c.jpg)
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты техникалық кеңесінің екі отырысының қорытындысы бойынша жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасына 22 техникалық шешім енгізілді.
Мемлекет басшысының автожолдардың сапасын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бастамасымен Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Осылайша, жаңа технологиялардың бірыңғай тізілімі мемлекеттік ақпараттық жүйенің бір бөлігі болмақ. Оған тек зертханаларда және тәжірибелік учаскелерде сынақтан өткен жаңа және инновациялық жол-құрылыс шешімдері, оларды елдің белгілі бір климаттық аймақтарында қолдану жөніндегі ғалымдардың ұсынымдары кіреді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың сапасын жақсарту жөніндегі міндет туралы айтты. Осы ретте жаңа технологиялардың бірыңғай тізілімі шешуші рөл атқарады. Бұл жолдарды жөндеу, жаңғырту және жол салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға технологияларды енгізу кезінде жобалаушылар үшін ыңғайлы болмақ. Елімізде алғаш рет бірыңғай шоғырландырылған жүйе құрылуда. Аталған жүйеде Қазақстандағы жол құрылысындағы барлық технология, материалдар мен бұйымдар жинақталады, - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Әсел Нұғманова.
Институт Автомобиль жолдары комитетімен бірлесіп техникалық кеңестің екі отырысын өткізді. Оның қорытындысы бойынша қаралған 26 технологияның 22-сі тізілімге енгізілді. Оның ішінде топырақты алмастыру технологиясы, резеңке үгіндісін қолдану және бақылау құрылғылары бар «смарт-жолдар» жүйесі бар.
Жылдың соңына дейін техникалық кеңестің 5-тен астам отырысын өткізу жоспарланып отыр. Олардың әрқайсысында 10-15 технология қарастырылады. Жаңа және инновациялық әзірлемелер бойынша өтінімдер ҚазжолҒЗИ әзірлеп жатқан арнайы сайтта онлайн-тіркеу арқылы қабылданатын болады. Бұл өтініш беру процесін жылдамдатып, ашықтықты қамтамасыз етпек.
Жобалық және мердігерлік ұйымдар үшін ашық базаға ортақ қолжетімділік әлдеқайда тиімді технологияларды енгізуге көмектеседі. Нәтижесінде ашықтық пен жалпыға қолжетімділік инновацияларды қолдануды жеделдетуге және автожолдарды жобалау, салу және пайдалану сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті А.Нұғманова.
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)