00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде алимент төлемеген 1600-ден астам адамға іздеу жарияланған

18.10.2023 | 11:00
116
Фото: ашық дереккөз

Осы жылдың өткен 9 айында Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау дәйектері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген,  деп хабарлады Elorda.info Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда еліміз бойынша алимент төлеуден жалиарған 1618 адамға ізде жарияланған.  Олардың ішінде 1476-сы ерлер 142-сі  әйелдер. 

Іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан  40 жасқа дейін.

 Олардың көп бөлігі,  Астана – 361,  Алматы  – 191, Ақтөбе – 143, Қостанай – 140, Жамбыл – 140, Павлодар – 108, Алматы – 102, Маңғыстау - 59 облыстарында іздеу салынғандар.

Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі   Маңғыстау – 46, Алматы (о) – 45, Қостанай – 44, Шығыс Қазақстан – 43, Павлодар – 40, Қарағанды – 35, Абай – 32, Ақмола – 26, Солтүстік Қазақстан-21, Астана (қ) – 17 облыстарында тіркелген,- делінген ведомство таратқан мәліметте. 

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотқа тартылды.

Оның  4 –еуі бас бостандығынан айырылса, 2 - адам шартты түрде сотталды. Осы баппен 196  азаматттың бас бостандығын шектетілді және 5 адам  қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.

Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіріп алынады.

291 886 атқарушылық іс - балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;

773 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;

4 506 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын)  күтіп-бағу өндірістері болды, - деп жазды Бас прокуратура.

Все новости