Былтыр елімізге 1 миллионнан аса шетелдік турист келген
![Былтыр елімізге 1 миллионнан аса шетелдік турист келген](/img/articles/7248f2de86dd1d8ec9bafe8a398e258f.jpg)
2023 жылы елге 1 084,8 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 156,8 мың адамға көп, өсім 2022 жылмен салыстырғанда 17% жетті. 2022 жылы елімізге 928 мың шетелдік келген, деп хабарлады Elorda.info.
Былтырғы қорытынды бойынша, орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 647,5 мың адамға артып, 7 млн 54,5 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1 млн 767 мың адамға көп (2019 ж. – 5 млн 286 мың адам).
Кейінгі жылдары әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер арасында Қазақстанға деген қызығушылықтың арта бастағаны байқалады. Мәселен, биыл елімізге 1 миллионнан астам шетелдік келген. Бұл еліміздің табиғи сұлулығы, мәдени бай мұрамыз бен қонақжайлығымыз көрсе көз тоятындай екеніне дәлел болып тұр. Біз жаңа қонақүйлер салуды, көлік желісін дамытуды және туристік маршруттарды кеңейтуді қоса алғанда, туризм инфрақұрылымын белсенді дамытып жатырмыз. Мақсатымыз – Қазақстандағы саяхатты келушілер үшін қолжетімді әрі жайлы ету. Елге келген әр адам бірегей мүмкіндіктерімізді пайдаланып, естен кетпес сәттерді бастан өткерсе екен дейміз, - деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)