00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Олжас Бектенов СҚО-да су тасқынынан кейінгі құрылыс барысын тексерді

07.06.2024 | 12:26
Торғын Аман
127
Бектенов СҚО-да су тасқыны салдарын жою жұмыстарының барысымен танысты
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының алғашқы нәтижелерімен танысты. Жаңа үйлер салу және беру процесі тексеріліп, тұрғындардың және механикаландырылған бригадалардың қатысуымен жөнделген үйлер қаралды. Бұл туралы Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Үкімет басшысы Петропавл қаласындағы Бірлік ықшам ауданында жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін алған отбасы мүшелерімен әңгімелесті. Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жоюда түсіністік танытып, көмектескені үшін тұрғындарға алғысын білдірді. Құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген тұрғын үйдің сапасы, сондай-ақ су тасқынынан кейінгі кезеңде тұрғындарды қолдау мәселесі талқыланды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығының баспанасын қалпына келтіру мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр. Солтүстік Қазақстан облысы қаладағы су басқан ықшам аудандардағы үйлердің құрылысын алғашқылардың бірі болып аяқтады. Біздің басты міндетіміз – зардап шеккендердің барлығын суық түскенге дейін үйлеріне көшіру», — деп атап өткен Олжас Бектенов әкімдікке іргелес аумақты абаттандыруды тапсырды.

Өңірде барлығы 700 үй мен 90 орындық балабақша салынып жатыр. Жақында ғана отбасыларға қоныстану үшін 53 үйдің кілті берілді. Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бірлік ықшам ауданы қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген, топырақты жолдар салынып, серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр.

Салынып жатқан құрастырмалы-қалқанды үйлердің сапасы мен технологиясына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда 100-ден астам учаскеде іргетас қаланып, конструкциялар құрастырыла бастады, сонымен қатар сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына келтіруге жататын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Солтүстік Қазақстан облысы – су тасқыны салдарын жоюға механикаландырылған бригадалар тартылған жалғыз өңір. Мәселен, тек Ойқала ықшам ауданында 1 133 үй су басу аймағында болды, оның 309-ы жөндеуді қажет етеді. Жұмыстарды 24 мехбригада кезең-кезеңімен орындап жатыр, Петропавл бойынша барлығы 85 осындай құрама бар. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатырмасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Үкімет басшысы меншік иелері өтемақы түрінде төленген қаражатқа өздері жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке тұрғын үйге барды. Олжас Бектенов Үкіметтің негізгі міндеті – барлық эвакуацияланған тұрғындарды өз үйлеріне қайтару екенін атап өтті, бүгінде 64 мың адам өз үйлерінде тұрып жатыр.

 

 

 

 

 

Все новости