00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

18.07.2023 | 12:00
120
Фото: freepik.com

Министрліктер Үйі ғимаратының 16-шы кіреберісінде Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Бұл туралы Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Қанатбек Жайсаңбаев өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл еліміздегі осындай алғашқы жоба. Орталық, Министрліктер Үйі ғимаратының 16 кіреберісінде орналасқан. Орталықта азаматтар мен мемлекеттік органдар өзара тиімді іс-қимыл жасау үшін әмбебап алаң форматы жасалды.  Азаматтарды қабылдау орталығында әрбір азамат өзін толғандыратын мәселелер туралы кеңес алу үшін  жайлы және кәсіби орта құруға тырыстық. Орталық базасында келушілер ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтініш бере алады. Сондай-ақ әртүрлі ведомстволар өкілдерінің, медиаторлар мен заң мамандарының кеңестерін алуға мүмкіндік бар. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазыла алады,- деп жазды Қанатбек Жайсаңбаев.

Орталықта барлық министрлер мен вице-министрлер жеке қабылдауларды тұрақты түрде жүргізетін болады. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ (ХҚКО) өкілдері және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. 

Все новости