«Алғашқы жұмыс орны»: 10 мыңға жуық жас маман жұмысқа орналасты
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/2021_05_11_210301191310779a3759140i_4bfda8d434.jpg)
2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 9 970 адам жұмысқа орналастырылды. Жобаға қатысушылардың 61,6%-ы (6 144 адам) – әйелдер. Осы бағыт бойынша былтыр жалпы 10 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 130 адам), Алматы (589 адам), Жамбыл (574 адам) облыстарында және Шымкент қаласында (1 852 адам) байқалады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы еңбек жолын енді бастағалы жүрген жұмыссыз жастарға арналған. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
Жобаға жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды үнемі аударатын барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс беруші ретінде қатыса алады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу ұзақтығы 18 айдан аспайды, бұл кезең азаматтың еңбек өтіліне есептеледі, - делінген министрлік ақпаратында.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасын қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады және жобаға қатысушыларға жалақы төлеуді қамтиды.
Жобаға қатысушының жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып, айына кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (2023 жылы – 103 500 теңге, ал 2024 жылы – 110 760 теңге).
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қатысушыны кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына орналастыруға міндетті.
2022 жылы қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінген едім, онда маған «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу ұсынылды. Барлық қажетті құжаттарды жинағаннан кейін «BOLASHAK KIDS» ЖШС балабақшасына медбике болып жұмысқа орналастым. Бағдарлама аяқталғаннан кейін, осы жылдың қаңтарында өз мамандығым бойынша осы мекемеге тұрақты жұмыс орнына ресми түрде орналастым, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Бағлан Қуанышбай.
Айта кетейік, 1 ақпандағы жағдай бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 884 адам жұмысқа орналастырылды. Биыл жалпы 8 731 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)