00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

05.07.2023 | 17:00
136

Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына бүгінге дейін 39 өтінім түскен, деп хабарлады Elorda.info

Оның ішінде «Үздік проза» номинациясына – 15 шығарма, «Үздік драма» бойынша – 1 өтінім, «Үздік поэзия» - 14, «Үздік әдеби сын» аталымы бойынша – 1 өтінім, «Үздік әдеби аударма» - 2, «Үздік балалар әдебиеті» - 4, «Үздік комикс» - 2 өтінім. 

Еске сала кетсек, әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн. теңгеден қарастырылған.

Үміткерлер өтінімдерін 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. 

«Айбоз» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады, - деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Все новости