Абай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан әскерилер марапатталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/52fbfe338c022c3908a7d907fb0450b4_1280x720_68d9ee85a5.jpg)
Қорғаныс ведомствосында Абай облысындағы өртке қарсы іс-шараларға қатысқан әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Бас штабтың, департаменттер мен басқармалардың басшылығы, Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшылары қатысты.
Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметшілерге әскери, қызметтік борышын орындаудағы жанқиярлығы мен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтты.
Қарулы күштердің тобы 73 учаскедегі өрт ошақтарын жойып, ұзындығы 3000 метрлік жерді жыртуды жүзеге асырды. Өтуі қиын учаскелердегі 20 шақырым жолды тазалады, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.
Марапаттау барысында 53975 әскери бөлімінің командирі, полковник Нұрлан Байдуллаевқа II дәрежелі «Айбын» орденін, 28738 әскери бөлімінің 1 сыныпты сержанты Талғат Жанғазиновке «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін салтанатты жағдайда табыс етілді.
Сонгмен қатар Абай өңірлік гарнизоны әскери полициясы кинологиялық қызметінің бастығы, аға лейтенант Аслан Ықыласов Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» ведомстволық медаліне ие болды.
44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі, аға сержант Рүстем Өткелбаев, 28738 әскери бөлімінің батарея сержанты Мадияр Бекенов, Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция патрулінің бастығы, кіші сержант Ернұр Еркінтаев Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін иеленді.
19132 әскери бөлімінің командирі Максим Кононенко мерзімінен бұрын «подполковник» әскери атағына ие болды.
Кездесу соңында министр қатысушыларды Астананың 25 жылдығымен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және бейбіт аспан тіледі.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)