00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Су тасқыны салдарын жоюға 9 мыңнан астам энергетик қатысты

10.05.2024 | 10:27
191
Энергетика
фото: globallookpress.com

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрлігі су тасқыны жағдайы күрделі өңірлерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
 

Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардың салдарын жоюға 9 мыңнан астам энергетик пен 2,1 мыңнан астам арнайы автотехника қатысып жатыр. Алдағы кезеңде түрлі кернеу кластарындағы 3 мыңнан астам электр беру желілерінің тіректерін қалпына келтіру қажет. Ол үшін барлық қажетті материалдар бар.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге, Ақтөбе облысында – 5,5 мыңнан 13-ке дейін қысқарды. Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектеу қойылған абоненттер саны 4 есеге, Атырау облысында 3 есеге қысқарды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.  

 

Все новости