75 әдебиет және өнер қайраткері мемлекеттік стипендиямен марапатталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/ad1e038c2328944d27c15f84e87a57c8_1280x720_c0351f7828.jpg)
Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен стипендияны тапсыру рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы мәдениет саласын дамыту мен қолдауға ерекше көңіл бөлуде. Президенттің ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, қоғамды топтастыру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруда шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің үлесі зор.
Сіздердің ел бірлігі мен тұтастығын нығайтуға қосқан үлестеріңіз зор. Жыл сайынғы мемлекеттік стипендиялардың тағайындалуы мемлекеттің мәдениет, өнер қайраткерлері, шығармашылық қызметкерлер мен жас таланттарға көрсеткен қолдауы мен қамқорлығының дәлелі, сондай-ақ олардың қазақстандық мәдениетті дамытуға және оны әлемге танытуға қосқан үлесін мойындау, - деді министр.
Қазақстан Жазушылар одағы мыңға жуық кәсіби жазушының басын біріктіреді. Жазушы қауымды қолдау министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.
2023 жылы ел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 6 қаламгерге «Қазақстанның халық жазушысы», 8 өнерпазға «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді. «Ұмай» және «Айбоз» ұлттық әдеби-мәдени сыйлықтары мен «Дарын» жастар сыйлығы жыл сайын беріледі.
Мәдениетаралық және ұлтаралық бірлікті нығайту мақсатында алғаш рет әдебиет пен журналистика саласындағы үздік туындылары үшін 11 автор арнайы марапатқа ие болды.
Министр жазушы, ақын, әдебиеттанушы, драматург, публицист, театр, кино және балет актерлері, қолөнершілерге және т.б. стипендия табыс етті.
Мәдениет саласында Қазақстан әдебиеті мен өнерінің шеберлері Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Меруерт Өтекешова, Амандос Ақанаев, Дулат Исабеков және т.б. стипендияға ие болды.
Сондай-ақ жас таланттарға, соның ішінде Канн халықаралық кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова, скрипкашы Еркебұлан Сапарбаев, суретші Ренат Елубаев және т.б. мемлекеттік қолдау көрсетілді
Стипендия иегерлерінің толық тізімімен Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында танысуға болады.
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)