4 мыңға жуық жетім балаға жазғы демалыс ұйымдастырылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/lager_df67586d23.jpg)
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында бүгінде 40-тан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар демалуда. Олар қоғам қайраткерлерімен және балалар үйінің табысты түлектерімен кездесіп, өз армандарымен бөлісіп, мектептегі жетістіктері және бүгінгі шеберлік сағаттарынан алған әсерлері туралы әңгімеледі, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, педагогика, қоғамдық және мемлекеттік қызмет салаларында еңбек етіп жүрген түлектер мақсатқа жету жолындағы жеке тәжірибелері туралы әңгімелеп, болашаққа сеніммен қарау керектігін айтты. Өз қабілеттеріне сенімді болып, қиындықтан қорықпауға шақырды.
Сонымен қатар балаларға футбол, бокс, мобилография, шахмат және қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. «Оқжетпес» футбол командасының ойыншылары мен жаттықтырушылары балалармен жаттығу жасап, футболдың қыр-сырын көрсетті. Командалар жолдастық матч өткізді. Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары сезімді қылқалам көмегімен қағаз бетіне түсіру жолдарын түсіндірсе, бокстан халықаралық спорт шебері шеберлік-сағат өткізді. Шахматтан халықаралық гроссмейстер балаларға шахмат ойындарының ережелерін таныстырды. Мастер-класс соңында балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, елімізде жазғы сауықтыру демалысымен 4 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала қамтылған. Жыл сайын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 14 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақ, мектеп формасы, кеңсе тауарлары және бос уақытты тиімді өткізумен қамтылады. Сонымен қатар Абай облысының 6 баласы балалар сауықтыру орталықтарында тегін демалып, оларға 500 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіледі.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)