00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Масс-медиа туралы» заң жобасы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды

01.04.2023 | 00:56
Елорда ақпарат
84

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңес отырысына Дархан Мыңбай төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау болды.

Аталған заң жобасы журналистер арасында талқыланды. Заң жобасына журналистердің мәртебесіне, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыруды реформалауға және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты 50-ден астам түзетулер енгізілді.

Жалпы алғанда, заң жобасын кеңес мүшелері қолдады, дегенмен, жекелеген түзетулерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізілді.

Сондай-ақ жиын барысында қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы да талқыланды.

Айта кетейік, АҚДМ Қоғамдық кеңесінде азаматтық қоғам, жастар мен отбасы, ақпарат және қоғамдық келісім саласындағы жалпы 4 комиссия жұмыс істейді.

Все новости