Сенатта отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық заңнамасын қатаңдату ұсынылды
![](/img/articles/uploads/6411945db3dc4745632811_c7c941ebfc.jpg)
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлады Elorda.info.
Комитет төрағасы Андрей Лукин өз сөзінде қылмыстардың көпшілігі білім деңгейі және табысы төмен отбасылардағы ерлі-зайыптылар, бірге тұратындар немесе туыстар арасында жасалатынын атап өтті.
Алкоголизация, соның салдарынан қақтығыстар, жанжалдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және тағы басқа әрекеттер осындай негізде туындайды. Бүгінгі таңдағы статистика – оның айқын дәлелі. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою үшін жалпы отбасы институты және тәрбиемен жұмыс істеу жөнінде пәрменді шаралар қажет, - деді сенатор Лукин.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха сенаторларға мекеменің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы әкімшілік баптар бойынша санкцияларды күшейтетін ұсыныстары туралы айтып берді.
Біріншіден, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің арыз жазудан анықтау сипатына көшеді. Тәжірибе бойынша, өтініштердің көбісі кері қайтарылады немесе полицияға жүгіну процесіне мүлдем жетпейді. Бұл түзету полицияға жәбірленушілердің арызынсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Екіншіден, тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдату ұсынылады. Жаңа редакцияда «жанжалқой» адам зорлық-зомбылықты алғаш жасаған кезде ғана сотта татуласа алатыны, ал қылмыс қайталанған жағдайда бұл құқық алынып тасталатыны туралы жазылған. Бұл өзгертулер «жанжалқой» және басқа адамдардың зардап шеккендерге психологиялық қысым жасаудың қатал тәжірибесін тоқтатуға мүмкіндік беретін болады.
Депутаттар бұл түзетулерге қолдау білдірді және барлық мүдделі құрылымдардың үйлестірілген әрекеттері азаматтарды отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылықтан қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)