Қазақстан халқы қартайып бара жатыр – зерттеу
![](/img/articles/uploads/64103c4e6218e225445983_f21419b045.jpg)
2022 жылдың басында Қазақстанда 65 жастан асқан әйелдердің үлесі 10,1%-ды құрады. Осы тұста он жыл бұрын бұл көрсеткіш тек 8,2% болғанын атап өткен жөн. 65 жастан асқан ер адамдар үлесі он жыл ішінде 4,8%-дан 6,1%-ға дейін артқан, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Зерттеуге сәйкес, халықтың қартаюы ХХІ ғасырдың негізгі үрдістерінің бірі болып отыр. Оның қоғам өміріне айтарлықтай әсері бар. Халықтың жалпы санындағы егде жастағы адамдар үлесінің артуы көп елде байқалады.
БҰҰ-ның болжамына сәйкес, алдағы онжылдықта дүние жүзінде 65 жастан асқан адамдар саны екі есе өседі. Яғни 2021 жылғы 761 миллионнан 2050 жылы 1,6 миллиардқа дейін жетеді. Ал, 80 жастан асқан адамдар саны одан да тез өседі.
БҰҰ болжамы бойынша Қазақстанда егде жастағы демографиялық жүктеме коэффициенті де артуы мүмкін. Егер былтыр бұл коэффициенттің мәні 12,9%-ды құраса, 2025 жылға қарай – 14,1%, 2030 жылға қарай – 15,9%, 2040 жылға қарай – 17,1%, 2050 жылға қарай 19%-болады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл тенденция кезінде елдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесі оңтайлы нұсқаның бірі болып қалмақ. Себебі бұл мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, алдағы уақытта жиынтық зейнетақы мөлшерін де арттыра алады.
Жалпы еліміз зейнетақымен қамсыздандырудың тарату жүйесінен жинақтаушы түріне 1998 жылдан бастап біртіндеп көше бастаған еді. Болашақта халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы кезінде жинақтаушы жүйенің маңызы арта түспек.
Халықтың қартаюын ескере отырып, әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу үрдісі кең таралуда. Егер 2001 жылы тарату зейнетақы жүйесі активтерінің үлесі 62% болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 46%-ға дейін төмендеген. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесі активтерінің үлесі 38%-дан 54%-ға артқан болатын.
Соңғы он жылда жинақтаушы құрамдас бөлігі бар зейнетақы қорының активтері жылына 9,0%-ға, таратушы зейнетақы қорының активтері жылына 4,8%-ға ғана ұлғайғаны байқалып отыр.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар елдердің қатарында АҚШ, Австралия, Дания, Швеция, Гонконг, Үндістан, Чили, Индонезия, Сингапур бар. Сарапшылар бұл жүйенің зейнетке шыққандардың лайықты өмір сүруінің ең жақсы кепілі деп бағалап отыр.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)