00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Тамара Дүйсенова әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады

01.04.2023 | 00:02
Елорда ақпарат
121

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті арулар, сіздерді шын жүректен 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің шуағы сіздерге бақыт, жүректеріңізге жылулық пен махаббат әкелсін, әрдайым армандарыңыз орындалып, ең жақын адамдарыңыз қастарыңыздан табылсын.

Әр әйел отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы. Мемлекетіміздің әлеумет саласында қызмет етіп жүрген әйелдер жас баладан бастап қарияға дейін қарап, оларға қамқор болып, көмектерін аямай, шын ниетімен еңбек етуде.

Барлық әйелдерге, ардақты аналарымызға, қыздарымыз бен сіңлілерімізге зор денсаулық пен бақыт, шаттық пен құт-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін! - деді министр құттықтау сөзінде.

Все новости