00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

«Зауыт директорымын»: Ер адам астаналық әйелден 91 млн теңгесін алдап алған

31.03.2023 | 23:52
Елорда ақпарат
109

Астанада өзін зауыт директорымын деп таныстырып, астаналық әйелден 92 миллион теңгеге жуық ақшасын алдап алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы «Астана соттары» баспасөз қызметінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазылды.

«Астана соттары» ресми парақшасының дерегінше, ер адам әйелмен әлеуметтік желіде танысып, хаттарында оған ғашық екеніне сендірген.

Сотталушы банкротқа ұшыраған зауыт директорының образына еніп, әйелге басқа да жалған мәліметтерді, соның ішінде жақындарының қайтыс болғанын айтқан. Соның салдарынан ақшаға аса мұқтаж екенін жеткізіп, жәбірленушіні алдаған. Оған әйел белгілі бір уақыт ішінде онлайн-банкинг арқылы әр түрлі сомадағы ақша аударған, - делінген сот хабарламасында.

Осы ретте сот астаналық әйел алаяққа барлығы 91,6 миллион теңге бергенін хабарлады.

Нәтижесінде, ер адам Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушіге 91 миллион теңге материалдық шығынды өтеу міндеттелді. Апелляциялық шағымда сотталушы тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған 5 баласының, жұмыссыз жұбайының болуын, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұраған.

Алайда сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Все новости