00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Биыл қазақстандықтар Астана күнінде екі күн қатарынан демалады

31.03.2023 | 23:37
Елорда ақпарат
100

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылғы демалыс күнін ауыстыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылғы 1 шілдедегі демалыс күні сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстырылады, - делінген Ашық НҚА порталындағы құжат мәтінінде.

Құжатқа түсіндірме жазбада демалыс күнін ауыстыру «мереке күндерінде, сондай-ақ демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында» жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Осылайша, Қазақстан халқы Астана күніне орай 6, 7 шілдеде демалады. Бес күндік жұмыс аптасының тағы екі демалыс күні қосылады – 8 және 9 шілде (сенбі және жексенбі). Алты күндік аптамен жексенбіге бір демалыс күні қосылады.

Құжатты қоғамдық талқылау 15 наурызға дейін жалғасады.

Все новости