Елімізде егінді сақтандыру науқаны басталды
![](/img/articles/uploads/63f33999c6667882472021_5f56448d1a.jpeg)
Егінді құрғақшылық пен жаңбырдан сақтандыру бойынша келісім-шарт жасауға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өтінімді Kezekte.kz сайтындағы Qalqan ақпараттық жүйесінде жіберу керек. Сақтандыру келісім-шартының құны мемлекеттік субсидия есебінен 80%-ға азаяды. Сақтандыру операторы - Аграрлық несие корпорациясы.
Биыл сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының тізіміне бұрынғы бидай, арпа, сұлы, жүгері, күнбағыс, рапс, зығырдан бөлек, қарақұмық, тары, дәнді құмай, көктемгі тритикале, көктемгі қара бидай, бұршақ, ноқат, жасымық, соя, көктемгі зімбір, мақсары және қыша кірді.
Дәнді дақылдар бойынша топырақтың ылғал тапшылығынан сақтандыру шарттарын 2023 жылғы 1 сәуірге дейін, ал майлы дақылдар бойынша - 2023 жылғы 15 сәуірге дейін жасау қажет. Топырақтың ылғал тапшылығы индексі бойынша сақтандыру арқылы қорғау кезеңі 2 фаза болса, 2023 жылғы 15 маусымнан 15 қыркүйекке дейін; 3 фаза болса, 2023 жылғы 15 мамырдан 14 қыркүйекке дейін созылады.
Топырақтағы артық ылғалдан сақтандыру шарттары 2023 жылдың 1 тамызына дейін жасалуы керек. Осы өнімді сақтандыру арқылы қорғау кезеңі - 2023 жылғы 15 тамыздан 14 қазанға дейін.
Биыл индекстік сақтандыру өнімдерінің тарифтері өзгерді. Нақты мысалмен қарастырайық.
Мәселен, егер фермер 1 мың гектарды сақтандырған болса, онда сақтандыру шартын жасасу кезінде шығындар нормасы бір гектарға 50 000 теңге болғанда сақтандыру сыйақысы 1 750 000 теңгені (1000 га * 50 000 теңге * 3,5% сақтандыру тарифі) құрайды. Осы соманың 1 400 000 теңгесін мемлекет субсидия түрінде төлейді (сақтандыру сыйақысының 80%).
Сақтандыру жағдайы басталған кезде фермер 16 500 000 теңге (1000 га * 50000 тг * 33%) мөлшерінде сақтандыру төлемін алады, бұл 2 фазалық сақтандыру кезінде шарт бойынша сақтандыру құнының 33% ең жоғары мөлшеріне сәйкес келеді.
![](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![Түркістанда шетелге жұмысқа бару үшін ата-аналар балаларын мешітке тастап кеткен](/img/articles/54f0d36825ad440a6c34d43ebea71935.jpg)
![Ұлттық банк алаяқтыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/62e924c8bca6c66151c7214a8327a26f.png)
![Елімізде жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін](/img/articles/ea3863871618e6062750a9427644bf4a.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)