00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Көкшетауда екі кісіні өлтіргенін мойындаған ер адам полицияға өзі келген

31.03.2023 | 22:50
Елорда ақпарат
109

Ақмола полицейлері екі адамды өлтіру ісін тергеп жатыр деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

8 ақпан күні сағат 18:00 шамасында Көкшетау қаласындағы жатақханалардың бірінде болған оқиғадан кейін ер адам полиция бекетіне келіп, ауыр қылмыс жасағанын мойындаған.

Екі адамды өлтіру фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Материалдарды алғашқы жинау барысында күдікті мен оның екі танысы, 87 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің ішімдік ішкендері анықталды. Отырыс барысында ерлер арасында жанжал туындап, кесірінен күдікті егде жастағы ер адамға, содан кейін әйелге бірнеше рет пышақ салған. Кейін қылмыс құралынан құтылып, күдіктінің өзі «102» арнайы желісіне қоңырау шалып, жақын маңдағы постқа келген, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын істі болғанын анықтады. 2008 жылы адам өлтіргені үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал босатылғаннан кейін Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының аумағында тұрақтаған.

Тергеу кезеңінде жәбірленуші ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Все новости