00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Көктемгі су тасқынына дайындық шаралары басталды

31.03.2023 | 22:13
Айман Нығмет
88

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады

Еліміз бойынша төтенше жағдайға 1403 бірлік автокөлік және арнайы техника, 50 000 тонна инертті материал, 38 200 құм салынған қап дайындалды. «Қазсушар» мемлекеттік мекемесі мамандары және бассейндік инспекциялардың өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамына енгізілді. Сол сияқты біздің министрлік көрші мемлекеттерде орналасқан трансшекаралық су объектілеріндегі жағдайды талдайды, - деді ол.

Экология министрлігінің дерегінше, көктемгі су тасқыны қаупі Қызылорда, Маңғыстау облысында төмен, Ұлытау және Павлодар облысында орташа. Қалған барлық өңір қызыл аймақта, яғни қауіп жоғары.

Все новости