00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

28 мыңға жуық адам кәсіп бастау үшін мемлекеттік грант алған

31.03.2023 | 22:08
Елорда ақпарат
107

Былтыр 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 718,3 мың адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info.  

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сенсек, 435,2 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның 346,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 13,9 мың адам жіберілсе, өз кәсібін бастау үшін 21,7 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 172,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 14,7 мың, жастар практикасымен 28,8 мың, қоғамдық жұмыстармен 121,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,9 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 551 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 3,1 мың адам жұмыспен қамтылды, – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 146,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Все новости