75 азаматқа мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия табысталды
![](/img/articles/uploads/63c523df0fc47184393147_832ad96aed.jpg)
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астана және Алматы қалаларында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, 2022 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны салтанатты табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекеттік стипендия мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, шығармашыл тұлғаларға және жастарға еліміздің руханиятын қалыптастыруға, дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.
Биыл 75 адам Мемлекеттік стипендия иегері атанды. Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Дулат Исабеков, Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Күләш Ахметова, Ханбибі Есенқарақызы, Ақұштап Бақтыгереева секілді көрнекті ақын-жазушылар, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты өнер қайраткерлері бар.
Сонымен қатар, Ерлан Жүніс, Самал Еслямова, Фархат Молдағали және тағы да басқа жас дарындарға қолдау көрсетілді.
Ерлан Қарин соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар жайында жан-жақты айтты. Әсіресе, қоғамдық-саяси, әлеуметтік жаңғыру жұмыстарын атап өтті. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан әдебиет пен өнерді қолдауға қатысты атқарылған бастамалар жайында мәлімет берді.
Мемлекеттік кеңесші 2023 жылы руханият, әдебиет пен өнер бағытында маңызды даталардың көп екенін айта келіп, зиялы қауым өкілдерін биыл қолға алынатын жұмыстардың жай-жапсарымен таныстырды.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)