00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Еліміздің қай өңірінде кинотеатрға бару билеті арзан

31.03.2023 | 21:58
Елорда ақпарат
82

Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан қалаларындағы кинотеатрға бару билетінің орташа бағасы 1860 теңгені құрады, деп хабарлады  Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең қымбат билет Атырау қаласында – 2 683 теңге. Одан кейін орында Шымкент (2637 теңге) пен Түркістан (2598 теңге) қалалары тұр.

Сондай-ақ, ең жоғары баға Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында тіркелді. Бұл өңірлерде кино билетінің орташа бағасы – 1900-2500 теңге аралығында. Басқа қалаларда баға 1350-1850 теңге айналасында. Ал ең арзан билет бағасы Тараз қаласында екені белгілі болды. Мұнда киносүйер қауым бір сеансқа орта есеппен 1 321 теңге жұмсайды, - делінген бюро хабарламасында.

Все новости