Педофилді өлтірді деген айыппен 6 жасөспірім сотталып кетті
![](/img/articles/uploads/63bd3f72cafe1291564166_090847dfe6.png)
Қарағандыда алты жасөспірім жас қызды зорламақ болған ер адамды ұрып өлтірді деп айыпталып, сотталып кетті, деп хабарлады Elorda.info.
«Вечерняя Караганда» басылымының жазуынша, 4 қаңтарда Қарағанды соты алты айыпталушының әрқайсысын жеті жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырған. Жасөспірімдердің ата-аналары бұл үкіммен келіспей отыр. Балалары педофилді ұрып-соққанымен, оны басқа біреу өлтіргені айтады.
Кісі өлтіру оқиғасы осыдан 2,5 жыл бұрын Қарағандыдағы Майқұдық шағын ауданында болған. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 28 мамырында жергілікті тұрғын 14 жасар қызды зорламақ болған. Кейін ол болған жайтты құрбысына айтып, достарынан педофилді жазалап беруді өтінген. Кейіннен алты жасөспірім гараж аумағында ер адамды кездестіріп, оны соққыға жыққан.
Оқиға сағат 18:00 шамасында болған. Сол кезде ер адам мас болмаған, соққыдан соң ол үйіне кеткен. Араға бес сағат салып, сағат 23:00-де оның денесі Майқұдықтағы автовокзал маңынан табылды. Ер адам қанға боялып жатқан, оның алкогольді ішімдік ішкені анықталды. Біздің жанайқайымызды ешкім естіп жатқан жоқ. Біздің балаларымызға кісі өлтірді деген айып тағылды. Ол кезде олар кәмелетке толмаған, 16 жаста болатын. Ер адамның денесінде қатты көгерулер, жарақаттар болған, біздің балаларымыз оны солай қатты ұрмаған, - дейді ата-аналар Жоғарғы сот пен Президенттен көмек сұрап.
Сонымен қатар сот сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау, айғақтарды оқиға орнында тексеру, беттестірулер, куәлардың айғақтарымен, сарапшының, заттай дәлелдемелердің, бейнежазбаның, сот-видеофонографиялық, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді деп отыр.
Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, олар қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасына кесілді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар сотталушылардан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге моральдық залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)