00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

ҚМДБ: Электронды темекі тарту – харам!

31.03.2023 | 21:43
Елорда ақпарат
124

ҚМДБ кеңесінің ресми мәліметінше, электронды темекі адамның денсаулығына зиян болғандықтан және ысырапқа жататындықтан – харам. Оны қолдануға болмайды, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының instagram желісіндегі ресми ақпарат парақшасында электронды темекіні шегу харамға жатады деген ақпарат шықты. Яғни электронды темекі  ішінде химиялық қоспасы мен сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин және улы заттарды жеткізетін темекінің жаңа түрі.

Темекі шегуге қатысты ғалымдар арасында бірнеше көзқарас бар. Бірқатар ғалым темекінің денсаулыққа зиян әрі ысырап екенін алға тартып, темекі шегуді харам деген.

Ханафи мәзһабының кейбір ғалымдары темекі тартуды мәкруһ тахрими деп санайды. Әл-Мәусуғату әл-фиқһия атты кітапта: «Темекі тарту кейбір адамның денсаулығына, ақылына зиян болатыны нақтыланса немесе темекіге жұмсаған қаражатқа өзі және отбасы қатты мұқтаж бола тұра сарп етсе, харам болады. Ал бұдан басқа жағдайда мәкруһ саналады, – делінген.

Все новости