00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Мәжілісте қаңтар оқиғасы бойынша арнайы тыңдау өтеді

31.03.2023 | 21:38
Елорда ақпарат
98

5 қаңтар 10:00-де Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Отырыста мәжілісмендер «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың ауызша жауабын тыңдайды.

Еске сала кетейік, өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын.

Бұдан бөлек сағат 9:00-де ғимарат фойесінде Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырады.

Тікелей эфирді Мәжілістің ресми сайты мен YouTube арнасынан және "Хабар 24" телеарнасынан көре аласыздар.

Все новости