Министр Дархан Қыдырәлі «Elorda Aqparat» ұжымымен кездесті
![](/img/articles/uploads/6388969da11f8006689792_5c7fbea54b.jpg)
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Elorda Aqparat» медиакомпаниясына арнайы келіп, ұжыммен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Дархан Қуандықұлы өз сөзінде газет шығару машақаты көп жұмыс екенін, бұл ұжымдық еңбекті талап ететінін айтты. Тасқа басылған газеттер соңғы оқырманы қалғанша жарық көре беретінін жеткізген министр, медиакомпанияға қарасты «Astana aqshamy» мен «Вечерняя Астана» газеттерін үлкен мектеп, «журналистердің ұстаханасы» деп атады. Сондай-ақ ол бұл басылымдардан түлеп ұшқан талантты тілшілер бүгінде республикалық басылымдарда еңбек етіп жүргенін тілге тиек етті.
Министрдің айтуынша, ведомство бүгінде қағаз басылымдарға, әсіресе, өңірлік газет-журналдарға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазіргі таңда министрлік пен «Қазпошта» АҚ арасында басылымдарды тарату мәселесі бойынша меморандумға қол қойылған.
Саяси маңызды науқан – Президент сайлауында Мемлекет басшысы бақылаушылармен қатар зор құлшыныспен жұмыс істеген тілшілердің еңбегін де ерекше атап өтті, - деді Дархан Қыдырәлі.
Осылай деген Ақпарат және қоғамдық даму министрі үздік журналистерге «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерін табыстады. Олардың қатарында «Вечерняя Астана» газетінің бас редакторы Лариса Увалиева, «Astana aqshamy» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков және осы газет журналисі Гүлшат Сапарқызы болды.
Қазіргі күні фейк ақпараттардың көбейіп кетуіне байланысты қоғамға жедел әрі тексерілген ақпаратты жедел жеткізе білу білікті журналистерге үлкен жауапкершілік. Бүгінде масс-медиа туралы заңды қарастырып жатырмыз. Мұнда журналистердің мәртебесіне ерекше мән берудеміз. Тілшілердің этика, ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету мәселелерін қарастырып отырмыз. Онлайн платформа, жарнама жөнінде, басқа да біраз ойлар бар. Соған сіздер де қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Журналистердің мәртебесін көтеруге қызмет етеміз. Ұлттық ақпараттық иммунитет қалыптастыру үшін білікті журналистерге қажеттілік бар екені анық. Сондықтан осындай білікті тілшілерді тәрбиелей береді деп сенемін, - деді министр.
Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі газет тілшілерін интеллектуал журналистер деп атап, сараптама жазатын қаламы қарымды қаламгерлерге әрдайым орын бар екенін айтты. Қос газет ұжымы сондай үдеден шығып жатқанын жеткізді.
Кездесу соңында «Elorda Aqparat» медиакомпаниясының директоры Олжас Сыдықбек министрге алғыс айтып, серіктестіктің жетістіктерін баяндады. Алдағы жоспарларымен бөлісті.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)