Елімізде тағы бір кәсіби мереке пайда болады
![](/img/articles/uploads/638749dda8ea4975604164_faae6c0c22.jpg)
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтырулар енгізілетін Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-3-тармақпен толықтырылсын: «11-3. Ветеринария қызметкерлері күні – 10 шілде», - делінген Ашық НҚА сайтында.
Министрлік дайындаған құжатта эпизоотиялық жағдайдың саулығы және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетінің артуы қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз ететін ветеринария жүйесімен тығыз байланысты екені айтылған.
Бүгінде Қазақстанда малшылар күні, орман шаруашылығы қызметкері күні, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні, балық шаруашылығы қызметкерлері күні сияқты кәсіби мерекелер бар. Алайда бүгінде ветеринария саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің керек екенін сезінбейді, - делінген құжатта.
Ведомствоның хабарлауынша, 10 шілдеде Қазақстанда «Ветеринария туралы» бірінші рет заң қабылданған.
Айта кетейік, жыл сайын сәуір айының соңғы сенбісінде дүниежүзінің көп елінде 2000 жылы Халықаралық ветеринар дәрігер күні атап өтіледі. Ал Ресейде 31 тамызда ветеринарлық қызметкер күні тойланады, ал Украинада ветеринарлық медицина қызметкерлерінің күні тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.
Құжатты Ашық НҚА сайтында 14 желтоқсанға дейін талқылауға болады.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)