00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елімізден шетелдік рейстерге әуе билеті арзандайды – министр

31.03.2023 | 20:31
Елорда ақпарат
96

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгінде лоукостерлермен жұмыс істеп жатқандарын, алдағы уақытта әуе билеттері арзан болатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info

Бүгінде жұмыс істеп жатырмыз. Бізде ұлттық оператор мен лоукостер сегменті бар. Бүгінде біз «ашық аспан» аясында лоукостерлермен жұмыс істеудеміз. Біз оларға ұшып келуге және кетуге рұқсат береміз. Мысалы, Түркияға және Еуропаға және тағы басқа бағыттарға қарастырылады. Біз әуе билеті арзан болады деп жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда.

Ведомство басшысы мұның себебіне де тоқталып өтті.

Себебі, олар – лоукостерлер. Олар Азиядан ұшып кетіп (жолаушыларды – ред.), Еуропа, Түркияға алып кетеді. Онда қызмет көрсету басқаша болады. Бірақ олар әлем мойындаған лоукостерлер болады, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Все новости