00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанда жиналатын электронды қалдықтардың 8,8% ғана қайта өңделеді

31.03.2023 | 20:27
Айман Нығмет
93

Ал қалғанының қайта кетіп жатқаны белгісіз. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан электронды қалдық мәселесіне арналған ұлттық форумда тәуекелдерді басқару жүйесі орталығы қалдықтар және химиялық қауіпсіздік департаментінің директоры Юлия Душкина келтірді, деп хабарлады Elorda.info.

Біз Қазақстандағы электронды қалдықтар мәселесімен көптен бері жұмыс істеп келеміз. Аталған проблема әлем бойынша өзекті. Жыл сайын электронды қалдықтардың көлемі артып келеді. Себебі электронды заттар мен құрал-жабдықтарды тұтыну артып, ал олардың қызмет ету мерзімі қысқарған. Қазақстанда электронды қалдық проблемасын шешу бағытында соңғы жылдары белгілі көлемде жұмыс жүріп жатыр. ЮНИТАР (БҰҰ оқу және ғылыми-зерттеу институты) ұсынған мәліметке сәйкес, Қазақстанда жылына адам басына шаққанда 7,3 келі электронды қалдық келеді. Егер халық санына есептесек, жыл сайын 130 мың тоннадан астам электронды қалдық шығады. Дегенмен нақты статистикаға қатысты проблема бар. Яғни электронды қалдықтардың қанша пайызы қайта өңделеді, бағасы қанша деген секілді, - деді Юлия Душкина.

 

Все новости